“Мойнақ ауылындағы МДШО бар ‘ 23 орта мектеп” КММ » №23 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"№23 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Мойнақ ауылындағы МДШО бар ‘ 23 орта мектеп” КММ
12
апрель
2024

“Мойнақ ауылындағы МДШО бар ‘ 23 орта мектеп” КММ

“Мойнақ ауылындағы МДШО бар ‘ 23 орта мектеп” КММ Қай заманда да дамудың басты кілті ғылым. 2024 жылдың 12 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Ғылым және технологиялар жөніндегі” ұлттық кеңестің отырысын өткізді. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі екенін алға тартты.Алғашқы отырыста мемлекет басшысы ғылым мен технологияның өте жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырғандығын ,ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі екенін атап көрсетті. Заман өте жылдам өзгеріп жатыр. Біз осы өзгеріске бейімделуіміз керек. Әйтпесе өркениет даңғылынан қалып қоюымыз мүмкін екенін тілге тиек етті. Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында болу.Соңғы бес жылда ғылымға бөлінетін қаржы 60 пайызға артқанын, ал ішкі жалпы өнімдегі ғылымның үлесі, керісінше, 0,13 пайызға төмендегенін айтты. Ғалымдардың мәртебесін дәйекті түрде көтеріп, оларды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету шараларын күшейту үшін жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер қызметкерлерінің ғылыми дәрежесі мен атағына қарай төленетін үстемеақыны 1,5 есе арттыру міндетін жүктеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамытудың жаңа үлгісіне сәйкес Ұлттық ғылым академиясының рөлі ерекше болатынын айтты. Жақында Ғылым академиясына Президент жанындағы орган мәртебесі берілді. Оны қаржыландыру мәселесі шешілді. Академиктерге өмір бойы стипендия төленетін болды.Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.