Табиғи сипаттағы төтенше жағдай — бұл табиғи апаттардан туындайтын төтенше жағдай » №23 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"№23 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Табиғи сипаттағы төтенше жағдай — бұл табиғи апаттардан туындайтын төтенше жағдай
04
март
2024

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай — бұл табиғи апаттардан туындайтын төтенше жағдай

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай — бұл табиғи апаттардан (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны), табиғи өрт, эпидемия мен эпизоотиядан, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың аурумен және зиянкестермен зақымдануынан туындайтын төтенше жағдай.
Ел аумағының әртүрлі табиғи, таулы геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның табиғи апаттарға ~ жер сілкінісіне, су тасқынына, селге, желге, көктайғаққа, қар көшкініне, дауылға, орман және дала өртіне, температураның шұғыл төмендеуіне, қарлы боранға, эпидемия мен эпизоотияға ұшырауын анықтайды.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың өздері сан алуан. Сондықтан туындау себептеріне (жағдайларына) орай оларды: геологиялық, метеорологиялық, гидрологиялық (гидрометеорологиялық), табиғи өрттер, жаппай аурулар топтарына бөледі. Осы орайда жер сілкінісіне тоқталып өтсек, бұл негізінен, геофизикалық себептерден туындайтын жерастылық дүмпулер мен жер бетінің тербелістері.
Жер сілкінісі кезінде басым әрекет үрей болып табылады, бұл кезде адамдар қорқыныштан өздері және айналасындағылар үшін ақылға сыйымсыз, қауіпті әрекеттер жасайды және өзін-өзі құтқару мен өзара көмек шараларын саналы түрде ұйымдастырып, жасай алмайды. Сол себепті, назарларыңызға төтенше жағдай орын алған жағдайда өзімізді қалай ұстау керектігіне арналған бейнебаяндарды ұсынамыз.